Happy
2:51
Happy
3:12
Policy version: pending
Prompt:
[Verse 1] Өзге үшін боянбашы сыланып Қарай берер көз салумен ұрланып Мен үшін сен әдемісің бәрінен Жүзің тұрар күн көзіндей нұрланып Топмағым деп еркелтем томпағым Сөзім еді саған айтарым сондағым Қыз қылығын ажарыңа жасырып Жібекті де Баянды да сомдадың [Chorus] Айдан жарық күннен жылы шуағым Гүлдей нәзік судай таза бұлағым Қара түнде аспандағы жұлдыздай Самсып тұрған жерге түскен шырағым [Instrumental] [Verse 2] Не кисеңде жарасымды тұлғаңа Сүмбіл шашың көрік етер сырғаңа Басқа аруды не қыламын еркем ау Бәрінен де сұлу өзің тұрғанда Тәңір берген табиғатың тамаша Көз тоймады саған жаным қараса Екі жүрек бір болғанда үндесіп Түрленеді мына әлем жаңаша [Chorus] Айдан жарық күннен жылы шуағым Гүлдей нәзік судай таза бұлағым Қара түнде аспандағы жұлдыздай Самсып тұрған жерге түскен шырағым